|
02.09.2022 | 22:12
616

Жолдауда біраз түйткілді мәселелер көтерілді – Болат Садықов

Сондай-ақ депутат "Ұлттық қор балаларға" бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санайды

Жолдауда біраз түйткілді мәселелер көтерілді – Болат Садықов

«Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді». Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Болат Садықов Мемлекет Басшысының Жолдауы туралы өз пікірін осылай білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміз үлкен үмітпен күткен Жолдауын жариялады.

«Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.Енді Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл - өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсайды. Және де 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95% жақсарту жөнінде тапсырма берілді», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Садықов.

Сондай-ақ депутат "Ұлттық қор балаларға" бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санайды.

«Балалар жылы аясында жаңа "Ұлттық қор балаларға" бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударуды ұсынды. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік өмірге нағыз жолдама береді», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Садықов.

Болат Садықов 2 жыл  ішінде емдеу орны жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынғанын атап өтті.

«Бүгінде біздің медицинаға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Екі жылдың ішінде емдеу орны жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталмақ. Осылайша, мемлекет миллионнан аса тұрғынның алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемеге айналады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады. Бұл 4 миллионнан аса азаматқа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шалғай елді мекен тұрғындарына білікті көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина дамиды.

Қорыта айтқанда, Жолдауда біраз түйткілді мәселелер көтерілді деп ойлаймын. Біз медицина саласының жүгін көтеріп жүргендіктен, алдағы уақытта аянбай еңбек ететініміз анық. Жалпы, Мемлекет Басшысының әлеуметтік сала қызметкерлеріне ұдайы назар аударуы біз үшін аса қуанарлық жайт», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Садықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир