Екібастұзда тойға жиналған қонақтар тамақтан уланып қалды

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Тексеру талабына сәйкес, той өткен мейрамхананың асханасынан талдау алынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұзда қыз ұзатамыз деп, ауруханаға түскен 45 адам тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір күн бұрын мейрамханалардың бірінде ас ішкендердің ішінде балалар да бар. Әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, құсу сынды белгілер байқалған науқастарға бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Дәргерлердің айтуынша, уланғандардың саны өсіп жатыр.

– 37 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 2 бала бар. Қалғандары амбулаториялық ем алып жатыр. Екібастұз қаласының мейрамханасында өткен қыз ұзатуға 208 адам қатысты, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Толғанай Зәйтім.

Айта кетейік, аталған дерек бойынша жергілікті полиция басқармасы іс тіркеп үлгерген. Тексеру талабына сәйкес, той өткен мейрамхананың асханасынан талдау алынбақ.

– Адамдардың улануына себеп болған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативті бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Екібастұз эпидемиологиялық бақылау басқармасына тексеру жүргізу тапсырылды, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Мұхтархан Асанов.

Оқи отырыңыз: Ұлытаулық ана сәбиінің өліміне дәргерлерді кінәлап отыр

Новости партнеров