Тәртіп сақшылары есірткі затын алып жүрген жігітті ұстады

polisia.kz
polisia.kz
Ұсталған ер адам одан әрі тексерілу үшін полиция бөліміне жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзенде тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұлан сарбаздары қалтасынан есірткі салынған бір жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Өркен” ықшам ауданы бойында патруль бастығы кіші сержант Жангелді Балмағанбет, патруль сарбаздары Байтөре Итенов пен Ерасыл Момбайдан тұратын әскери күзетте жүрген кезекшілер іс әрекеті күдік тудырған жігітті байқады.

Жүріп бара жатқан адам қатты қобалжып, қимыл-қозғалысы дірілдеп кетті және жігіт күзетшілердің оған қарай бет бұрғанын байқаған кезде ол жылдамдығын тездетіп, жасырынуға тырысты. Алайда күдікті азамат қашып құтыла алмады – оны күзетшілер ұстап, жеке басын анықтап, оғаш қылықтың себептерін білді. Куәләрдің қатысуымен сыртқы тінту кезінде ұсталған азаматтның оң қалтасынан қағаз пакетке оралған есірткі заты (марихуана) табылды.

Ұсталған ер адам одан әрі тексерілу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қызметтегі қырағылық пен жоғары кәсібилігі үшін  5548 әскери бөлімінің командирі патруль кезекшілеріне алғыс білдірді.

Новости партнеров