Қоршауды бұзып, үйді соққан: Қостанай облысында жол апатынан әйел адам көз жұмды
Қауіпсіздік белдігін тақпаған ол орындық пен панельдің арасына қысылып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысының Затобол кентінде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды, деп жазады alau.kz.
Облыс орталығының маңындағы ауылда жолаушылар автобусы мен Volkswagen Tiguan жеңіл автокөлігі соқтығысты. Кейін автобус қоршауды бұзып өтіп, үйге соғылған.
Автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған.
«Қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел орындық пен панельдің арасына қысылып қалған. Бас миы зақымданып, қабырғалары сынған. Алған жарақатынан марқұм ауруханада көз жұмды», - делінген Денсаулық сақтау басқармасы жолдаған хабарландыруда.
Ал 42 жастағы автобус жүргізушісіне «қабырғаларының жабық сынығы, денесінің соғылуы» диагнозы қойылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33