Қарағандыда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өзін атып өлтірді

sn.kz
sn.kz
Марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде тағы да оқыс оқиға. Онда оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды, деп хабарлады sn.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл жолы да қаза тапқан жаңа шақыртылған жап-жас жауынгер. Әскерилер оны да «өзі атылып өлді» деп отыр. Дегенмен, қаралы хабардан қабырғасы қарс айрылған туыстары сарбаздың суицид жасағанына сенбейді. Себебі, марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан.

Таң атпастан суыт хабар естіген ана есінен қайта-қайта танып жатыр. Ал жетпістегі әжесі болса сенбей, немересіне қоймай қоңырау соғуда. Айтуынша, жақында ғана әскерден хат алған екен. Онда сарбаз «Ұлттық ұланды» жер-көкке сыйғызбай сипаттап, командирлерімен мақтанған. Одан қалды, алдыңғы күні ғана анасына қоңырау шалып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан. Дегенмен, солай деген сарбазды басшылары «суицид жасады» деп сендіріпті.

Оққа ұшқан сарбаздың денесі таңғы 7:40-та табылыпты. Айналасы жиырма минуттың ішінде сараптама жасап тастағандай, әскери бөлімдегілер «бала өз-өзін атып өлтірді» деген шешім шығарып қойған дейді туыстары.

«Қатардағы Әліби Сапаның өз-өзіне қол жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таңқалып отырмыз», - дейді 6505 әскери бөлім командирінің орынбасары Мақсұт Жүсіпбеков.

Жалпы, 6505 әскери бөлімдегілер жауынгерлерінің өліміне жылда таңғалып жүрсе керек. Өйткені, 2013 жылы да, 2014 жылы да мұнда бірнеше сарбаз өлген. Онда да өз-өзіне қол жұмсады делінген. Оның біреуі асылған күйі табылса, қалғаны оқ жарақатынан өлген.  Ал 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталып та кетті.

Новости партнеров