Алматыдағы «Барахолка» базарынан өрт шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 29 сәуір күні таңғы сағат 09:25 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 116, «Кенжехан-1» базары мекен-жайы бойынша шақыртуға шықты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 9 минут ішінде сөндірілді»,– деп хабарлады ведомствадан
Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.