ШҚО-да балаларды қар басып қалып, біреуі мерт болды (ВИДЕО)

Қалыңдығы 4 метр қар астынан баланың жансыз денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2 ақпанда Шемонаиха қаласында 4 бала Шемонаиха өзенінің жағасында қатқан үйінді қардың үстінде ойнап жүрген, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ойын кезінде үйінді қар ойылып, екі баланы қар басып қалды. 2004 жылы туылған баланы қар жартылай басқан, сондықтан балалар оны өз бетімен шығарып алып, содан соң көмек сұрап жүгірген. Оқиға орнына құтқарушылар келді.

2006 жылы туылған баланы іздеуге жедел-құтқару жасағының кинологиялық тобы, полиция мен жергілікті тұрғындар да қатысты. Бала болған жердегі барлық қар тазаланды. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Даиров Кұрмаштың айтуынша, іздеу кезінде ит баланың болуы мүмкін жерді көрсеткен, бірақ өкінішке орай, бәрі кеш болды. Қалыңдығы 4 метр қар астынан баланың жансыз денесі табылды.


Новости партнеров