Нұр-Сұлтанда жол апатынан 5 адам қаза тапты

astana_sergek
astana_sergek
Бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оқиға түнде көпір үстінде болған. «Toyota Camry» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режимін сақтамаған. Соның салдарынан ол көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Nexıa Ravon» автокөлігімен соқтығысқан.  

«Жол апаты салдарынан 2 жүргізуші де қаза тапты. Өкінішке қарай, «Nexıa Ravon» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапқан. Сонымен қатар, Тойота көлігіндегі 1 жолаушы қаза тауып, тағы 1 жолаушы ауыр дене жарақатымен аурхунаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу, тексеру амалдары жүргізілуде», – деді қалалық ПД ресми өкілі Данияр Оралов.

Ал академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізілген 18 жастағы қыздың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.

«Қазір науқастың жағдайы ауыр. Кеше жол апатынан алып келген болатын. Омыртқасына күрделі ота жасалды. Көп қан жоғалтты. Қазір ИВЛ-да жатыр», – деді реаниматолог дәрігер Бақытжан Сманов.

Новости партнеров