Алматыда қыздардың төбелесінен жаппай жол апаты болды (фото)

 Zakon.kz
Zakon.kz
Салдарынан үш жүргізуші зардап шеккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көңіл көтеретін орындардың бірінде келеңсіз жағдай орын алды. Бір топ жастар мейрамхана алдында жанжалдасып, шу шығарған. Бастапқыда олар жаяу жүргіншілер жолында ұрысып тұрған. Алайда, артынан өзара келісе алмаған жастар көліктер ағылып жатқан жолға қарай шығып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.


Жол ортасында төбелескен жастардың кесірінен бірнеше көлік соқтығысып, жол апаты болған. Салдарынан үш жүргізуші зардап шеккен.

Chevrolet Cruze жүргізушісі жолын бөгеп тастаған бір топ жастардың алдында көлігін тоқтатуға мәжбүр болған.

Көліктердің соқтығысуы нәтижесінде үш көлік жүргізушісі жарақат алды.

Кейін олар, төбелеске қыздардың белсене қатысқанын айтты. Бойжеткендердің бірі жарақат алған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек алдымен қызға, сосын жүргізушілерге көрсеткен.



Новости партнеров