Таразда 50 жастағы ер адамның денесі табылды
polisia.kz
Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінде ессіз жатқан адам табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, қаза тапқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады.
Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56