Оралда 4 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
inform.kz
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 23.00-де Жәңгір хан көшесінде болды.
«Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында BMW, Suzuki және екі «ВАЗ» автокөлігі түйісті. Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34