Алматыда есірткі мен тапанша ұстаған ер адамдар ұсталды
“Буран-219” патрульдік экипажының қызметкерлері екі адам отырған көлікті байқады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда көлік тоқтатылып, есірткі мен тапанша ұстаған ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрманғазы мен Зенков көшелерінің қиылысында жұмыс барысында “Буран-219” патрульдік экипажының қызметкерлері екі адам отырған көлікті байқады. Олар тәртіп сақшыларын көріп қатты қобалжыған.
"Ер адамның біреуі есірткі салынған қалтаны лақтырмақ болды. Сонымен қатар, көлікті тінту кезінде тапанша табылды, оны тұтқындардың бірі аң аулауға досынан сұрап алғандығымен түсіндірді. Сол жерге Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы шақырылды. Айыпталушылар Медеу аудандық ПБ-на жеткізілді. Алынған заттай дәлелдемелер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", – деді Алматы қаласы ПД.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34