Оралда автокөліктен түк қалмай жанып кетті

Фото: дереккөзден
Фото: дереккөзден
Зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда автокөліктен түк қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 20 қараша күні сағат 04.19-да Н.Назарбаев даңғылы 235/1-үйдің ауласында болды. Hyndai Accent маркалы автокөлік отқа оранды. Машинаның мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. 

Автокөлік иесі, келтірілген шығын анықталу үстінде. «Тілсіз жау» сағат 04.42-де оқшауланып, 04.53-те ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша автокөлікті біреу өртеген. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына полиция қызметкерлерінің де барғанын, автокөліктің арнайы тұраққа қойылғанын жеткізді.

Автокөлікті айдап кету дерегі бойынша полицияға шағым түспеген.


Новости партнеров