Құлжа тасжолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тасжолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тасжолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.
Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тасжолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.