Қаламқас кен орнындағы өрттен болған шығын 98 млн теңгені құрады

 Sputnik
Sputnik
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаламқас кен орнындағы өрттің шығыны 98,7 миллион теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Маңғыстау облыстық экология департаменті Қаламқас кен орнының ұңғымасында болған өртке қатысты тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесі бойынша, өрттен келген шығын 98,7 миллион теңгеге бағаланды.

«Облыстық экология департаменті «СиБу» ИБК» ЖШС-ны 2019 жылдың сәуірі мен маусымы арасында қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру бойынша шара өткізуге міндеттеді. Энергетика министрлігі «СиБу» ИБК» ЖШС-дан ұңғыма қазу лицензиясын қайтарып алу мәселесін қарастырып жатыр», - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  Қаламқас кен орнындағы өртке байланысты Маңыстау облыстық экология департаменті төрт әкімшілік іс қозғаған. Салынған айыппұлдар 1 558 967 теңге болды.


Новости партнеров