Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаев қайтыс болды. Бұл ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«12 маусымда сағат 19:15 шамасында Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет еткен әскери қызметші қайтыс болды. Ол көліктің доңғалағын үрлеп жатқанда басына алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.
Айта кетейік, Павлодардағы әскери қызметшінің өліміне қатысты ақпаратты бірінші болып Telegram-дағы Abzhan News арнасы хабарлаған. Сарбаздың туысы әскери қызметші еңбек демалысында жүргенде оны №5512 әскери бөлімнің басшылығы жұмысқа шақырып алғанын айтқан.