«Абай» шахтасында болған жарылыстан 6 адам қаза тапты
inform.kz
Бұл кезде жер астында 64 адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін сағат 08.30-да «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы орын алды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі», – деп жазды Қарағанды облысының әкімі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52