Шымкентте құрылыс заттарын сататын 5 дүкен отқа оранды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте құрылыс заттарын сататын 5 бірдей дүкен отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызыл жалыннан 1300 шаршы метр жерді алып жатқан аумақтың тек күлі ғана қалып, кәсіпкерлер шаш етектен шығынға батты. Алапат өрт жайлы төтенше жағдайлар қызметкерлеріне сағат 01:00-де хабарланған. 5 минутта жетіп келдік деген мамандар қызыл жалынмен сағат 05:00-ге дейін арпалысқанын айтты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Алайда 5 дүкенде тұрған түсқағаз, паркет, ламинат және аспашамдардың түгі қалмаған.

– Өрттің шығуна 2 себепті қарастырып жатырмыз. Бірінші себеп –  электротехникалық сипаттағы, яғни электр желілерін пайдаланған кезде болған заңбұзушылықтар салдары. Екінші себеп – от қауіпсіздігін сақтамау. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шығын келетін болса, азаматтық қорғау туралы заңына сәйкес кінәлі деп танылкан адам келтірілген залалды өз еркімен немесе соттың шешімімен өтеуге тиісті, – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отар.

Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шығын көлемі әлі белгісіз.

Айта кетейік, бұл аумақ былтыр да өртке оранған. Ол кезде түсқағаздар дүкені жанып кеткен еді.

 

Новости партнеров