|
Jol
12.04.2019 | 11:41
1503

Назарбаев көшесіндегі жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Жүргізушінің артында екі баласы қалды

Назарбаев көшесіндегі жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Петропавл қаласында джиппен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, мотоцикл кешке Назарбаев көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Автобустың артында жүріп келе жатқан джип жүргізушісі мотоциклді байқамай, басты жолға шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл қақ бөлініп, жүргізушісі мерт болды.

«11 сәуір күні кешкі сағат жеті шамасында қосалқы жолмен келе жатқан Opel Frontera жүргізушісі Honda CBR мотоцикліне жол бермей, соқтығысты. 1979 жылы туған Қызылжар ауданының тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Автокөлік құралдарын пайдаланатын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарының жұмысын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді.

Қала тұрғындары көз жұмған жүргізуші көлікке техникалық қызмет көрсету орталығында  жұмыс істегенін айтады. Артында екі баласы қалды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир