Алматы облысында балабақша тәрбиешісінің балаларға зәбір көрсеткен сәті видеоға түсірілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео kris_p_brothers_official Instagram-паблигінде жарияланған.
"Ниет-ай" балабақшасы, Байсерке ауылы. Новостройская көшесі, 5а, Гаражный тұйық көшесі. Кіші топ. Зорлық-зомбылықты қолдану, балаларға қатыгездікпен қарау. Атап айтқанда, ұрып-соғу. Құзыретті органдар назар аударып, мәселе шешімін тапсын. Адамдар, өз балаларыңызды сақтаңыздар", - делінген жазбада.
Алматы облысының әкімдігі аталған факт бойынша қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.
"Бұл оқиға Байсерке ауылындағы жекеменшік балабақшасында болған. Қазіргі уақытта аудандық комиссия құрылды, оған әкімдік, білім беру бөлімі және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кірді. Бейнежазба алынып, балабақша басшысы мен жұмыс ауысымында болған қызметкерлерден түсініктеме алынады. Тексеру жүргізіледі. Ата-аналармен әңгіме жүргізіледі. Барлық жағдайлар комиссияның жұмысы барысында нақтыланады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kris P Brothers (@kris_p_brothers_official)14 Авг 2019 в 7:53 PDT