Gelandewagen жүргізушісінің ісі тоқтатылғаны туралы ақпаратқа полиция жауап берді

Gelandewagen жүргізушісінің ісі тоқтатылғаны туралы ақпаратқа полиция жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қылмыстық іс тоқтатылды» деген жалған ақпарат. Алматыда Жаңа жыл қарсаңында жантүршігерлік жол апатын жасаған күдікті Ілияс Кардың ісі алдыңғы аптада сотта қаралады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желідегі «жүргізуші жазадан құтылды», «қылмыстық жауапкершіліктен босатылды» деген пікірлер шындыққа жанаспайды дейді Полиция департаменті. Рөлге мас күйінде отырып, жол апатына себепші болған «Гелендвагеннің» иесі ұсталған күннен бастап қамауда отыр. Ал жалған ақпарат таратқандар ұсталса, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

«Оның кінәсі сот алды тергеу барысында толығымен дәлелденді. Яғни, бірнеше күннен кейін сот процесі басталып кетеді. Ал «қылмыстық іс аяқталып, Кар есімді азаматтың қылмыстылық жауапкершіліктен босатылды» деген ақпарат жалпы жалған болып шықты. Оны таратып жатқан азаматтар міндетті түрде айқындалады. Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан осы орайда азаматтарға айтатынымыз өзіңізге белгісіз дереккөздерден алынған мәліметтерді таратуға ешқашан қол күшіңізді жұмсамаңыз!», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Еске салсақ, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсанда Абай мен Сейфуллин даңғылының қиылысында орын алған. «Гелендваген» көлігінің тізгіншісі жол ережесін өрескел бұзып, «Митсубиси» маркалы темір тұлпарды бүйірінен соққан болатын. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды.  


Новости партнеров