Жетісу облысында бірнеше көлікті тиеген жүк көлігі аударылып қалды
дереккөзден
Көлік апаты Арқарлы асуының маңында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы-Өскемен тасжолында 7 көлікті тиеп келе жатқан транспорт аударылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«21 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 143 шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Үлкен жүк тасушы транспорт 7 Tesla көлігін тасымалдап бара жатқан. Көлік апатынан жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Республикалық трасса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, апатқа ұшыраған көлікті 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Алматы қаласына қарай бағыт алып бара жатқан. Көлік апаты Арқарлы асуының маңында болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қызметінен босатты
27.09.2026 09:01
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
27.09.2026 15:42