Ақмола облысында көлік ішінде қалған ер адам көз жұмды
inform.kz
Қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысының Щучье қаласында гаражда тұрған көліктің ішінде болған екі ер адамға иіс тиген. Оның бірі – 39 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, көз жұмған ер адам 1980 жылғы. Ал, оның қасында болған 1981 жылғы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің де көлік түтігінен шыққан газдан уланғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16