Павлодарда биіктен құлаған қыз жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сегізінші қабаттан құлаған 15 жастағы қыз комада жатыр. Оған ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты және бас миының ісінуі диагнозы қойылды.
«Жасөспірімде көптеген дене сынықтары анықталды. Омыртқасының зақымдануы, төменгі жақ сүйегінің ашық сынуы, ішкі ағзаларының зақымдануы, екінші дәрежелі травматикалық шок анықталды. Гемодинамика салыстырмалы түрде тұрақтанды. Қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - дейді дәрігерлер.
Еске салайық, 15 жастағы қыз 8-қабаттан құлап, ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Оқиға Назарбаев даңғылы, 204 үйде болды. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.