|
24.05.2019 | 18:41
3800

Мамыр айының өзінде мал ұрлығымен айналысқан 30 қылмыстық топ ұсталды

Соңғы 3 жылда 60 мыңнан астам мал басы ұрланып, жартысынан астамы иелеріне қайтарылған

Мамыр айының өзінде мал ұрлығымен айналысқан 30 қылмыстық топ ұсталды

Еліміздің Ішкі істер министрлігі мал ұрлығы үшін жазаны қатаңдатуды сұрайды. Осы мақсатта Қылмыстық кодекске жеке бап бөлуді ұсынуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуларынша, мал ұрлығының салдары орасан. Ол ауыл кәсіпкерлігіне және азаматтарға айтарлықтай шығын келтіруде. Тек мамыр айының басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 30 қылмыстық топ және 214 адам ұсталған. Мал сату, сатып алу, ет өнімдерін сату нүктелерін тексеру нәтижесінде 159 мал ұрлығы, соның ішінде «өткен жылдарда» орын алған 57 ұрлық анықталған.

«Соңғы үш жылда 19 мыңнан астам мал ұрлығы жасалды. 60 мыңнан астам мал басы ұрланды. Олардың жартысынан астамы иелеріне қайтарылды. ІІМ мал ұрлығы үшін жазаны қатаңдату мақсатында  Қылмыстық Кодекске жеке бап енгізу жөнінде бастама көтерді. Сәйкес заң жобасы таяу уақытта Парламентке енгізілетін болады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін малды жаю жөніндегі ережені бұзғаны үшін әкмшілік жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылуда», – дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә ОРАЗ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир