|
22.05.2022 | 13:41
4739

Шымкенттегі жарылыс: 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр

Арнайы комиссия апат шығынын есептеп жатыр

Шымкенттегі жарылыс: 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр Almaty.tv

Шымкенттегі жойқын жарылыстан 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv 

Оның екеуі ғимаратқа интернет желісін жүргізуге барған маман болса, қалғаны медицина қызметкерлері. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа. Ал жарылыс болған дәріханаға жақын орналасқан облыстық №1 перинаталды орталық уақытша жабылған. Ондағы жүкті әйелдер мен нәрестелер өзге перзентханаларға ауыстырылды.

Өткен сенбіде Шымкентте перзентхана жанындағы дәріханада жарылыс болғанын еске салайық. Оттегі баллонының жарылуы кезінде 3 адам көз жұмды. Оның екеуі жаңа туған нәресте болса, біреуі ғимарат күзетшісі. Жарылыс салдарынан аурухананы дәрілік препараттармен қамтамассыз ететін дәріхана ғимараты қираған. Онда тұзды ерітінді өндіріледі. Арнайы комиссия апат шығынды есептеп жатыр. Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир