Теміртауда жасөспірім су қоймасына батып кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім досымен бірге шомылуға тыйым салынған жасанды су қоймасына түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теміртау қаласы маңындағы жасанды су қоймаларының біріне 14 жастағы бала батып кетті. Құтқарушылар шақырылғаннан кейін бір сағат өткен соң ер баланың денесі судан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға Теміртау қаласының Ақтау кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім досымен бірге шомылуға тыйым салынған жасанды су қоймасына түскен. 

«29 маусым күні кешке Теміртау қаласының жасанды су қоймасында сүңгуірлер баланың денесін алып шықты. Сағат 19:02-де хабарлама келіп түсті, сағат 20:07-де баланың денесі табылып, судан шығарылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен. 

Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді. Әсіресе, су маңында балалар мен жасөспірімдерге ерекше назар аудару керек. Қарағанды облысының ТЖД баланы судағы жазатайым оқиғалардан қалай сақтау керектігін еске салды: 

- балаларды шомылуға қараусыз жібермеңіз. 

- шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түсіп, теріс әдет қалыптастырмаңыз, жаман үлгі көрсетпеңіз. 

- егер баланың жанында болмасаңыз, балалар қоңырау шала алатын шұғыл құтқару қызметтерінің телефондарын жаттап алуын қадағалаңыз. 

- ата-аналар әрқашан баланың қайда екенін, кіммен және қашан үйге оралуды жоспарлағанын білуі керек.


Новости партнеров