Өскеменде көлік ағашқа соғылып, 1 адам қаза болды
elements.envato.com
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында көлік ағашқа соғылып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы қаладағы Бажов көшесінде болған.
«Subaru автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соның салдарынан көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала дерек бойынша жол апатына жүргізушінің көлік тізгініне ие бола алмай қалуы себеп болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20