Шарын шатқалында жоғалған қызды құтқару сәтінің видеосы жарияланды
Алдын ала мәлімет бойынша қыз жарақат алған, жағдайы орташа ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шарын шатқалында селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қызды құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Видео ТЖМ өкілінің youtube-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
30 мамырда Шарын өзені бойындағы жағалау сызығын шолу әдісімен жерүсті іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 2010 жылы туған қыз табылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша қыз жарақат алған, жағдайы орташа ауыр. Зардап шеккен адамға білікті медициналық көмек көрсету үшін «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып Алматы медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр», – деді ТЖМ өкілі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32