|
04.02.2020 | 15:15
5284

Ақтау кафесінде атыс болды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта оқ атқан ер адамдар іздестіріліп жатыр

Бетперде киген қарулы екі ер адам Ақтаудың 7-ықшамауданында орналасқан кафелердің біріне баса-көктеп кіріп келген. Олардың бірі әй-шәй жоқ, оқ жаудыра бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды tengrinews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2020 жылы ақпанның 2-не қараған түні Ақтаудағы караоке-барлардың бірінде болған. Бейнебақылау камералары түсірген видеода бетперде киген қарулы екі ер адам ғимаратқа кірген. Екеуі де қаруланған әрі мас секілді. 

Кіреберісте олардың алдынан адам шығып, мылтықты тартып алмақшы болады. Осы кезде екіншісі тапанша шығарып, оған қарай тақайды. Осыдан кейін ірі денелі жігіт мылтық ұстаған адамды жібере салады. Сосын ер адамдар әрі қарай емін-еркін кафенің залына өтіп, біреуді іздеген сыңай танытады. 

Полиция департаменті осы деректі растап,  оқ атқан ер адамдардың іздестіріліп жатқанын айтты. 

«07:30-да Ақтау қалалық ПБ бөліміне 07:00 шамасында белгісіз екі ер адам бетперде киіп кафеге қару ұстап кіргенін айтады. Олар Grammy's караоке-барының еденіне екі рет мылтық атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оқтар тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау үшін жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр», - деді өңірлік полиция өкілдері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир