Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі табылды

aikyn.kz
aikyn.kz
27 сәуір күні кешкі сағат 19:35 шамасында Қызылорда қаласы Титов қыстағында кәмелетке толмаған (27.06.2015 жылы туған) Бахыт Альтаир Мақсатұлының жоғалғаны туралы арыз түскен.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала, өкінішке қарай, өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

2 күн бойы жоғалған Бахыт Альтаир Мақсатұлын іздестіру жұмыстарына Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Новости партнеров