Алматыдағы базардың біріндегі қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жетісу ауданы, Москвин көшесі, 7 мекенжайында қоймадан өрт шығып, 2000 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінен 115 маман мен 29 техника, "Алматы су" мекемесінің техникалары, сондай-ақ , құтқару қызметінің 109 су тасығышы және қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.
"Өртті сөндіру жұмыстары объектілік гидрант өртінің ақаулы болуымен күрделенді. Осыған байланысты су беру жұмыстары қосымша үздіксіз қамтамасыз етілді: келген өрт сөндіру автоцистерналарынан магистральдық желі тартылды, жақын маңдағы су қоймасынан су алу ұйымдастырылды, "Алматы су" техникасы іске қосылды. Құрылымдардың құлауы өрт сөндірушілерге қоймаға кіруге мүмкіндік бермеді", – деп хабарлады қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында өрт түскі сағат 13:18-де толық сөндірілді.