Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін жазаланды
polisia.kz
Ол және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Карантин режимін бұзған әнші Ернар Айдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол заңға бағынбастан, бірнеше адам болып жиналып, әлеуметтік желінің тікелей эфирінде лотерея ойнатқан. Ол кінәсін мойындап, кешірім сұрағаннан басқа ешнәрсе айта алмады.
«Мен өзімнің әркетіме, карантин жағдайынан шығып кеткеніме үлкен кешірім сұраймын. Әрине, мен қауіпсіздік шарасын сақтауым керек. Кешірім сұраймын», – деді әнші Ернар АЙДАР.
Қазір іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Әнші айыппұл арқалай ма, әлде қамала ма, оны сот шешеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10