Шарын шатқалындағы оқыс оқиғадан аман қалған қыздың жағдайы белгілі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
2 адам қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шарын шатқалындағы оқыс оқиғадан аман қалған 11 жасар Зере Бейсенбайдің жағдайы орташа ауыр. Қазір ғана тілшілерге сұхбат берген дәрігерлер денесінде сырылған жерлер болмаса, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деді. Оқыс оқиғадан жалпы 6 адам зардап шекті. Олар Ұйғыр аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлердің хабарлауынша, төрт адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Ал, екі адам бас ми жарақатын алған. Қазір олардың жағдайы орташа, қажетті ем-дом қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Келгендегі диазногы бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, қол және аяқтараның жарақаты. Гипотермия, жағдайы орташа ауырлықта», – деді №1 қалалық инфекциялық аурухананың реаниматолог-дәрігері Алуа Жексенова.

Еске салайық, 29 мамырда Шарын мемлекеттік ұлттық паркінде  түскі сағат 14.00 шамасында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, 2 адам қайтыс болды. Оның бірі мектеп мұғалімі болса, екіншісі 10 жастағы оқушы. Бұдан бөлек жеті адам жарақат алды. Жалпы Шарын шатқалында сол күні 300-ге жуық саяхатшы болыпты. Көпшілігі мектеп жасындағы балалар. 

Новости партнеров