Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін, бірқатар үйлердің шатыры қирап, есік-терезелері сынған. Өңірде осы шығындарды есептеу үшін осыған арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аймақ басшысының айтуынша, мамандар әрбір үйге зерттеу жүргізеді. Бердібек Сапарбаев зардап шеккендердің ешбірі көмек пен қолдаусыз қалмайды деді. Айта кету керек, Байзақ ауданында Үшбұлақ, Ботаймойнақ және Жібек Жолы ауылдары бар. Онда мыңнан астам адам тұрады. Олардың барлығы жарылыс кезінде эвакуацияланған болатын. Ал дүмпулерден зардап шеккендер саны әр сағат сайын өзгеріп жатыр. Қалалық нөмірі екінші ауруханаға жүгінгендер 93 адамға жеткен.
Айта кетейік, қазір Тараз қаласында 3 эвакуациялауға арналған мекеме жұмыс істеп жатыр. Олардың қазіргі сиымдылығы 400 орын, бірақ қажеттілік туындаса 1000 орынға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар екен.