Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешке жақын орын алған.
Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы әйел қызымен Астанада жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жолды кесіп өтпекші болған. Сол кезде оларды «Дэу Матиз» маркалы автокөлік қағып кеткен.
Соққы салдарынан қыз қарсы бағытта келе жатқан 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Мазда» автокөлігіне соғысқан. Бала оқиға орнында қайтыс болды, әйел ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлердің мәліметінше, әйел адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» , – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.