Ақтөбеде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды

inform.kz
inform.kz
Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 152 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде зейнеткерді көлік қағып кетті. Ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оқиға 9 қараша күні сағат 15.40-та тіркелді. «Lada Kalina» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Арынов көшесіндегі «Домострой» сауда үйіне қарама-қарсы бағытта 74 жастағы зейнеткерді қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Зейнеткер жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 152 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 14 адам қаза тауып, 141 адам түрлі дене жарақатын алды.