Ақсайда үш жасар сәби 9-қабаттан құлап көз жұмды
Бала 16 сәуір күні қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақсай қаласында тоғызыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ұл бала 16 сәуір күні қайтыс болған. Оқыс оқиға 8 сәуір күні орын алды.
2015 жылғы бала Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде сегіз күн бойы есін жимай жатып, қайтыс болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда үш жасар баланың тоғызыншы қабаттың балконынан құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13