|
Jol
20.11.2021 | 17:30
3235

Сауда үйлердің бірінен өрт шықты

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Сауда үйлердің бірінен өрт шықты Фото: ДЧС Алматы.

Алматыда "Ақсай" сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 20 қарашада сағат 13.45-те өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырумен шығып, 6 минуттан жеткен. Олар келгенде "Ақсай" сауда үйінің бірінші және екінші қабатында 150 шаршы метр алаңда бутиктер өртеніп жатқан.

Үш әмбебап оқпан мен бір лафеттік оқпан орнатылады, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін жою автомобилі жұмылды. АД 120 түтін жойғыш автомобилі жанып жатқан заттардың концентрациясын төмендету және көрінуді жақсарту үшін қолданылды.

Алматы қаласы ТЖ департаменті өкілдері өрт 14.05-те ауыздықталып, 14.12-де сөндірілгенін хабарлады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт басталғанда ғимаратта келушілер болмаған. Екі бутик қана жанған, жоғарғы бутиктер бос болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

пожар ДЧС
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир