Елорда тұрғынының көлігінен 17 мыңға жуық медициналық маска табылды

inform.kz
inform.kz
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда дәріхананың қосалқы бөлмесінен тапшы антибиотиктер заңсыз сатылғаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорда тұрғынының көлігінен 17 мыңға жуық медициналық маска табылды. Ұсталған азаматқа қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті. Бетперделерді заңсыз сатпақшы болған адамды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  темір жол вокзалының маңында қолға түсірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ол маскаларды одан әрі сатып, пайда табу үшін жарнамалар сайтының бірінен сатып алған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда дәріхананың қосалқы бөлмесінен тапшы антибиотиктер заңсыз сатылғаны анықталды. Вирусқа қарсы тапшы препараттар сатылымда болмаған.

«Тінту кезінде 2400-ге жуық дәрілік заттар мен басқа да препараттар алынды. Оның ішінде, қазіргі уақытта вирустық инфекцияларды емдеуде кеңінен қолданылатын "Цефтриаксон" бір мыңнан астам қаптамасы, сондай-ақ ЦЕФ-3, азитромицин, дексаметазон, парацетамол, аспирин және басқа да көптеген медпрепараттар бар. Олар санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай сақталмаған. Бөлмеде арнайы сақтайтын тоңазытқыштар мен камералар жоқ.  Және оларды Қазақстан аумағында сатуға рұқсат қағаздары болмады», – деді қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов

Новости партнеров