Бүгін, 15 шілде күндізгі сағат 14.00 шамасында Алматыда электр қуаты өшіп қалды. Араға үш сағаттай салып кешкі 17.00-ге таман жарық жанды.Қазір арнайы құрылған жұмыс тобы қаланың біраз бөлігінде не себепті ұзақ уақты жарық болмай қалғанын білуге кіріскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Комиссия құрамында тиісті басқарманың арнайы мамандары да бар. Қайта қалпына келтіру жұмыстары да басталып кетті. Алдын-ала болжам бойынша, қалада орналасқан 1-2-жылу электр станциясы мен Қапшағайдағы су электр стансасындағы техникалық ақау себеп болған.
Айта кетейік, Мамандардың айтуынша, халыққа электр қуаты кегог желісі мен жылу электро стансиясына кабель арқылы тартылды.
«Қаладағы жағдай әкімдіктің жіті бақылауында. Апаттың неден болғанын әлі анықтаймыз. Нақты қандай жағдайдан электр қуатының өшкені белгісіз. Алдағы уақытта жағдайдың қайталанбауы үшін шаралар қолданамыз», – деді Алматы қаласының Жылу энергетикалық кешені және ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян ГИРИН.
Қалада электр қуаты өшкен кезде көшедегі ахуалды 600 полицей қадағалады. Бастапқыда, бұл жұмысқа 450 тәртіп сақшысы жұмылдырылған еді. Қуантарлығы, жол көлік оқиғалары тіркелмеді. Сондай-ақ, қалада кептелістер орын алған жоқ. Қалалық полиция департаменті, электр қуатының жоқтығы Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты үлкен мәселе тудырмады дейді.
«Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен жағдай ушығып тұрған учаскелерді анықтап, полиция қызметкерлеріне хабар беріп отырды. Бұл құбылыс 2-2,5 сағаттай орын алды. Қазіргі таңда, электр қуатының жұмысы тұрақтандырылды. Сондықтан, қаладаға барлық бағдаршамдар іске қосылды», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.