Алматыда ағаш қоймасы өртенді
Өрттің шығу себебі анықталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда ағаш қоймасынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы Қазыбаев көшесінеде өрт болып жатқаны туралы хабар бүгін сағат 08:18 минутта түскен. Өрт сөндірушілер келген сәтте 1500 шаршы метр аумақта құрылыс ағаштары сақталған қойма жанып жатты.
«Өртті сөндіру үшін Алматы қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамнан 66 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 30 минуттың ішінде, яғни 9 сағат 35 минутта толықтай сөндірілді»,– деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34