Әйелді ұстады да, лақтырды: мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шу шықты

Әйелді ұстады да, лақтырды: мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шу шықты
Видеода бейресми жұмыс істейтіндердің орталық қызметкерлерімен жанжалдасқан сәті анық көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шу шықты. Келушілерге сақтандыру қызметін ұсынған агенттер аталған мекеменің күзетшілеріне бағынбай, ғимараттан шығудан бас тартқан. Оқиғаның болғанына біршама уақыт өтсе де, екі тарап әлі де келісімге келе алмай әлек. Толығырақ Almaty.tv тілшісінің материалында.

Видеода бейресми жұмыс істейтіндердің орталық қызметкерлерімен жанжалдасқан сәті анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, күзет қызметі алғашында сақтандыру агенттерін ішке кіргізбеген. Даулы жанжалдың шығу төркіні де осы.

«Біз кіріп бара жатқанбыз күндегідей. Ішінде сақтандыру агенттері өзі жүр. Біз кірейік деген кезде ана әйелді ұстады да лақтырды. Ер адам болса бір жөн. Төрт-бесеуі келіп не істеген соң, біз де ол әйелді қорғадық. Болды. Бұрынғы ХҚКО-да тыныштық болатын, мұндай жағдай болмаған. Осы жерге келгеннен бері мынау. Бұл сұмдық!» – деді  сақтандыру компания өкілі Дина Қонақбаева.

«Автоцон бутик арендаға бермей жатыр. Бәріміз сыртта жүрміз қазір. ХҚКО-ның күзетшілері кіргізбей жатыр. Ішке заңсыз сақтандыру агенттері кіріп алған да, солар іздеп жатыр. Біз жұмыссыз жүрміз», – деді сақтандыру компания өкілі Думан Накискожаев.

Ал, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары сақтандырушы компания агенттері келушілерге кедергі келтіреді дейді. Кезек күткен, көлігін алып-сатқан халыққа агенттердің қызмет ұсынуы біздің де жұмысымызға теріс әсер етеді деп отыр.

«Бұл жерде біз Автодомда арендада отырмыз. Автодомда өздерінің келісімшарты болған бізбен, «артық ешқандай ссақтандыру компания болмайды, ішінде отырмайды»,деген. Сақтандыру агенттері бұл жерге кірмейді. Өйткені оны біз де әмір бере алмаймыз. Оны осы «Автодомның» өзінің күзетшісі», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Байқағанымыздай, аталған мәселе тікелей сақтандырушы компания агенттері мен ғимаратты жалға беруші мекеменің арасында туындаған. Жауапты мамандар мәселе жақын арада шешімін табады деп уәде берді.

Мадина Оқас, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы


Новости партнеров