СҚО-да тұрғындардың неден уланғаны белгілі болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Бүгін осы жағдайға байланысты жергілікіті санитарлық қызмет өкілдері брифинг өткізіп, сараптаманың алғашқы қорытындысын жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында, тұрғындардың неліктен жаппай ауруханаға түскені белгілі болды. Бүгін осы жағдайға байланысты жергілікіті санитарлық қызмет өкілдері брифинг өткізіп, сараптаманың алғашқы қорытындысын жариялады. Өңірдегі Almaty.tv тілшісі жалғастырсын.

Ауыл тұрғындары аурудың себебін  ауыз судан көріп отыр. Оксана –  Бескөл ауылының тұрғыны.  Ол отбасымен бірге бірнеше күн ауырып жатқанын айтады.

«Менің ұлым ауруханада жатыр. 28-і үлкен баламның жүрегі айнып, іші ауырып,  дене қызуы көтерілді. Кешке кіші балам ауырып қалды. Оны кеше ауруханаға алып кетті. Ауру судан емес, дейді. Әрине, судан. Кіші балам ауруханада 2 күн дәрі қабылдады.   Үлкен баламның жағдайы жақсарды, бірақ бүгін тағы да жүрегі айныды», – деді Бескөл ауылының тұрғыны Оксана Деликова.

«Өкінішке қарай, біз ешқайда жүгінбедік, ауырғанда үйде болдық. Біздің жанымыздағылардың барлығы ауырып шықты. Біздің көшедегі 4 үйдің адамдары ауырды. Дене қызуы 39 градусқа дейін жетті. Жүрек айнып, іш өтті», – деді Бескөл ауылының тұрғыны Мақпал Қасымова.

Қызылжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жанар Қаппарқызының сөзінше, алдын ала диагноз энтеровирустық инфекция. Ауру жұқтырғандардың  70 пайызы балалар.

«Бүгінгіде өтініш берушілердің саны өсуде. Бір тәулік ішінде өсім қарқыны 9 адамға көбейді. Сондай-ақ, біз алғашқы өтініш тіркелген сәттен бастап адамдарды назарда ұстап отырмыз. Олар 139 адам. Ішкі талдау көрсеткендей, ауырғандардың басым бөлігі бала», – деді Қызылжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жанар Кәкімова.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты брифинг өткізді. Оған қатысқан Қызылжар ауданының бас санитар дәрігері судан сынама алынғанын мәлемдеді. Нәтижесінде ауыз судың құрамындағы микробтар пайызының нормадан асқаны анықталған.

«Біз профилактикалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Су сынамалары адамдар шомылуға көп баратын Есіл өзенінен және ауруға шалдыққан үйлерден алынды. Нәтиже бойынша, судың санитарлық және химиялық, вирустық көрсеткіші нормаға сай. Суда жалпы микробтар санының көбейіп кеткені анықталды. Бұл ауыз судың кірленгенін білдіреді. Қосымша талдамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Қызылжар ауданының бас санитар дәрігері Жангелді Ибраев.

Бұл Қызылжар ауданындағы ең алғаш рет тіркеліп отырған жағдай.  Алайда Қазақстанда бірінші рет  қайталанып жатқан жоқ. Наурыз айында Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам оқушының бір мезетте іші ауырып, дене қызулары көтеріліп, құсу мен диарея белгілері байқалған болатын.

Алина Нұртазина, Қуаныш Альтенов, «Алматы» телеарнасы, СҚО

Новости партнеров