Алматыда былтыр жеке сектордағы үйлерде 650-ге жуық өрт болған

jasqazaq.kz
jasqazaq.kz
Рейд жұмыстары 15 сәуірге дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда былтыр жеке сектордағы үйлерде 650-ге жуық өрт болған. Басты себеп – тұрғындардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған орай Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп, рейд жүргізді. 

Шара барысында өрт сөндірушілер жер үйлерге газға арналған датчик орнатты. Бұл құрал үй ішінде қандай да бір түтін немесе газ пайда бола бастағанда, дабыл қағады. Сәйкесінше, дабыл шыққан аймақтан өрт сөндіру орталығына белгі келіп түседі. 

Мамандар аудандағы «Әлмерек» шағын ауданының 500-ге жуық жер үйлерін аралап, тұрғындарға қауіпсіздіктің алдын-алу шаралары түсіндірілді. Рейд жұмыстары 15 сәуірге дейін жалғасады.

«Іс-шара барысында аудан аймағында орналсқан қатты отынмен жағатын үйлерде және ішімдікті көп пайдаланатын отбасылармен өрт-қауіпсіздік ереджесі бойынша түсіндірме анықтама жұмыстары жүргізіліп оларға ережесін сақтау жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – деді  Түрксіб ауданы,  Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Берік ҚОЖАМБЕРДИЕВ.

Новости партнеров