Түркияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты

AFP 2021
AFP 2021
Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда ресейлік Бе-200 өрт ұшағы апатынан аман қалғандар жоқ. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке  сілтеме жасап.

Ұшақ бортында бес ресейлік әскери қызметші мен экипажға өрт сөндіру ошақтарын көрсеткен түркиялық орман шаруашылығы министрлігінің үш өкілі болған.

Ресей Федерациясының әскери ведомствосының мәліметінше, ұшақ өрт ошақтарын сөндіру тапсырмасын орындағаннан кейін қонуға әрекет жасаған кезде шамамен сағат 15.00-де құлаған.

БАҚ мәліметінше, өртті сөндіру басталғаннан кейін біраз уақыттан кейін ұшақпен байланыс үзілген. Ол Мугла провинциясындағы өртті сөндіруге қатысқан ұшақтардың бірі еді. Ол Ресейде жалға алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ су алғаннан кейін қажетті биікке жете алмай, жартасқа құлаған.

Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу  Ресей мен Түркия халықтарына көңіл айтты.

«Кахраманмараштағы өртті сөндіру кезінде болған ұшақ апатында түрік және орыс экипажының қаза болғаны туралы хабарды зор күйінішпен білдім. Түрік және Ресей халықтарына көңіл айтамыз. Олардың ерлікпен қаза табуы ұмытылмайды!» – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин де қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Шынайы қолдау сөздерімді қабыл алыңыздар. Осы бір батыл адамдар жайлы естелік Ресейде де, Түркияда да мәңгі сақталып қалатынына сенімдімін»,  делінген көңіл айтуда.

Новости партнеров