Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, 10 қазанда сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Жүрегім қуаныштан жарылардай: Алматыда Қалдыбек Құрманәлі 60 жасын атап өтті