Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Уақытша шектеу көркейту жұмыстарына байланысты енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Масанчи көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігін көркейту  жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 маусымнан бастап Масанчи көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында оңтүстік бағыттағы қозғалыс уақытша жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Тұрғындар мен жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейік, жол қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: «Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Новости партнеров