Қазақстандық таеквондошы VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазақстан құрамасының қоржынында 37 медаль бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Ар-Риядта өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп  хабарлайды Almaty.tv.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен хабарлағандай, таеквондодан (WT) 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз жартылай финалда Түркия өкілі Хатидже Кюбра Ильгюнге 0:2 есебімен жол берді. Алайда қола медаль үшін өткен кездесуде Камила Мария Сайнабоу Мархлинскиден (Гамбия) басым түсті. Есеп: 2:1.

Осыған дейін отандасымыз 1/16 айналымда Зейнаб (Нигер) Рамадатахер Арунаны, ал ширек финалда палестиналық Фадия Хирфанды ұтқан болатын.

Сайыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 37 медаль бар. Атап айтсақ, 11 алтын, 12 күміс және 14 қола.

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең түсті

Новости партнеров