|
27.05.2022 | 11:10
2482

Виктор Носенко: Президент ұсынған конституциялық реформалар бүкіл елдің болашағы үшін маңызды

"Восточный" көмір кенішінің жұмысшылары елдегі өзгерістерге оң көзқараспен қарайтындарын айтып, саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді

Виктор Носенко: Президент ұсынған конституциялық реформалар бүкіл елдің болашағы үшін маңызды пресс-служба Мажилиса

Бүгін Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы "Восточный" көмір өндіру кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Депутаттар алдағы референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілген негізгі түзетулер туралы айтып, қоғамды толғандырған мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Парламент Мәжілісінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысы ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуды кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы сұранысынан туындады. Осындай әлеуметтік маңызы бар міндеттерді іске асыру үшін конституциялық реформа қажет. Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Мәслихаттардың ықпалы артады.  Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді",­­ ­– деді Айгүл Нұркина. 

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Вера Ким адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулер туралы түсіндірді. 

"Құқық қорғау саласында елеулі өзгерістер енгізілетін болады. Атап айтқанда, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, яғни омбудсмен мәртебесі Ата Заңмен айқындалады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалуда", – деді депутат. 

"Восточный" көмір кенішінің жұмысшылары елдегі өзгерістерге оң көзқараспен қарайтындарын айтып, саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. 

"Президент ұсынған конституциялық реформалар бүкіл елдің болашағы үшін маңызды, сондықтан оған белсенді атсалысқан жөн. Біз отбасымызбен референдумға бірге барамыз", –  деді кеніш қызметкері Виктор Носенко.  

Алдағы уақытта депутаттардың сапарлары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді түсіндіріп, халықты референдумға қатысуға шақыру мақсатында аудандар мен шалғай ауылдарда жалғасатын болады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир